Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 

Мемлекеттік кірістер


Хабарлама

Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жария етуге ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүліктер жатады. Жария ету сұрақтары бойынша аудандық әкімшілік пен мемлекеттік кірістер басқармасына және мына телефон нөмірлеріне 8 (71140) 21105; 8 (71140) 21601 және 8 (871140) 21686 хабарласуыңызға немесе Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі 31 үй немесе Ы.Бергалиева көшесі 1 үйге жолығуыңызға болады. 


Салық төлеушілердің назарына!

Бөкей ордасы ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 369-бабының 3-тармағына сай, жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмей төленетіндегін қаперлеріңізге береді. Сондықтан да, 2015 жыл үшін салық салу мерзімінің соңына таяп қалғандықтан, көлік құралдарының салығын төлеуді уақытынан кешігіп қалмауға шақырады және жоғарыда аталған мерзімнен кешіккен жағдайда өсімпұл қосылатындығын ескертеді.

Салықты төлеу салық салу обьектісінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.


Құрметті салық төлеушілер - жеке тұлғалар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, Сізге міндетті түрде мүлік салығы мен жер салығын салық салу нысанының орналасқан жері бойынша төлеу қажет. Жергілікті салықтың хабараламасы мен толтырылған түбіртекті Сіз орналасқан ауылдық округ әкімшілігінен алуға болады.


ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ҚМ МКД 12.06.2015 жылғы №МКД-08-1/11699-И хатын басшылыққа ала отырып, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 89 бюджеттік сыныптама кодтары (БСК) болатындығын хабарлайды.

Бірыңғай бюджеттік классификациялардың өзгеруіне байланысты, яғни, БСК-нің қысқаруы акциз бойынша (80 БСК-дан 68 БСК-ға), мемлекеттік түсім (24 БСН-дан 21 БСК-ға), тіркеу алымдары (19 БСК-дан 8 БСК-ға), жер салығы (8 БСК-дан 6 БСК-ға), корпоративтік табыс салығы (7 БСК-дан 5 БСК-ға) қысқаратындығын хабарлайды.


Салық төлеушілердің назарына.

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 599 және 606 баптарына сәйкес, салық төлеушілердің артық төленген сомаларын салық органына берген өтініші бойынша басқа салық нысандарына аударуға болатынын хабарлайды.

Мына телефон нөмірлеріне 21161; 21233 және 21686 хабарласуыңызға немесе Сайқын ауылы, Ы.Бергалиева көшесі 1 үйге жолығуыңызға болады.

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы 

Салық төлеушілер назарына!

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты түсіндіру жұмыстары, кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғаларға Бірыңғай кеңес беру күні әр аптаның бейсенбі күні Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының №3 кабинетінде өткізілетінін хабарлайды.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы



  Наверх