Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 

 рисунок

http://www.akorda.kz


Мүлікті жариялау

ЖАРИЯ ЕТУ – ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №9 шешімімен құрылған Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

Мүлікті жария ету: мен не білемін?

Мүлікті заңдастыруға кедіргі жоқ!

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау барысын ақпараттық сүйемелдеу медиа жоспары (2016 жылға арналған)

 

Өткізілетін акцияның негізгі талаптары 2014 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы басталды. Оны өткізуге «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Мүлікті жария ету туралы заң) негіз болды. Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанда аяқталады. Бұл ретте мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталады және 2016 жылдың 30 қарашада аяқталады. Мынадай мүлік жария ету объектілеріне жатады: ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; нысаналы мақсатына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар). Бұл ретте жария етілетін объектілер орналасқан жер учаскелері жария ету субъектілеріне меншік құқығында тиесілі болуға тиіс; басқа адамға ресімделген құрылыстар (ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік. Жария ету акциясы басталғанға дейін, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған (сатып алынған) мүлік жария етілуге жатады. Мыналар: ресми түрде тіркелмеген (тіркелмеген, лицензиясы жоқ және т.б.) және, тиісінше, салық салынбайтын кәсіпкерлік қызмет; алынған кірісі түрлі тәсілдермен салық төлеуден жалтарылған және/немесе декларацияланбаған, ресми түрде тіркелген кәсіпкерлік қызмет түскен кірісі (ақшасы) жүргізілетін рақымшылық шеңберінде жария етуге болатын негізгі қызмет түрлері болып табылады. Жекелеген қылмыстар нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды. Олардың ішінде жеке адамға, адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне қарсы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау нәтижесіндегі қылмыстар жатады. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін жария ету жөніндегі комиссияға өтініш беру қажет. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініштерді қабылдауды жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) жанындағы комиссиялар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі мүлікті жария ету туралы өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті аумақтық бөлімшелерінің жанындағы комиссиялар жүзеге асырады. Ақшаны жария ету Ақшаны жария ету үшін екінші деңгейдегі банктің не «Қазпочта» АҚ-тың бөлімшесіне өтініш беру қажет.

Меншікті жария ету - бұл мемлекеттің меншікке құқық беру рәсімі, заңды экономикалық айналысынан шығару немесе тиісті емес тәртіпте рәсімдеу. Акцияның негізгі мақсаты - экономикаға жария етілген капитал түрінде қосымша қаражат тарту. Осы акцияға қатысуға құқығы бар тұлғалар - олар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстанда тұруға ықтияры бар тұлғалар. 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V «Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияры бар адамдарға, олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жариялауға жататын және жатпайтын меншік туралы түсінік тағайындалған. Сонымен, жариялауға келесі меншік жатады: 1. Ақша; 2. бағалы қағаздар; 3. заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 4. басқа тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік (заңмен тағайындалған басқа нысандар); 5. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылыс нормалары мен ережелеріне және жер участкесінің мақсаты тағайындалуына сәйкес келетін ғимараттар; 6. Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлікті жария ету сұрақтары бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне өтішіш беру қажет (жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша). 7. Жария ету 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Бұл ретте жария етуге құжаттарды тапсыру 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.

 


Хабарлама

Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жария етуге ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүліктер жатады. Жария ету сұрақтары бойынша аудандық әкімшілік пен мемлекеттік кірістер басқармасына және мына телефон нөмірлеріне 8 (71140) 21105; 8 (71140) 21601 және 8 (871140) 21686 хабарласуыңызға немесе Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі 31 үй немесе Ы.Бергалиева көшесі 1 үйге жолығуыңызға болады.


  Наверх