Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Шағын кәсіпкерлік

 Аудан бойынша 2009 жылдың 1 қазанына   шағын  кәсіпкерлік субьектілерінің жалпы саны - 679  болып тіркеліп отыр, оның ішінде шаруа қожалықтары - 424, көлік және байланыс - 25, сауда - 215, мейманхана және кафелер - 5, 10-ы тағы басқалар болып табылады. Жалпы осы салада жұмыс істейтін адамдар саны - 1063. Заңды тұлғалар-7,   4 ЖШС жұмыс жасауда, жұмыс істейтін адамдар саны 135. Аудан бойынша 4 наубайхана жұмыс жасайды,бұл кәсіпорындарда 11 адам қызмет істейді, 137 тонна өнім өндіріп отыр.

Елбасы биылғы Жолдауында елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін  шағын және орта бизнес субъектілеріне  бұрын соңды болмаған қаржылық қолдау жасалып отырғанын, әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасын табатынын айтқан болатын.

  Ауданымызда шағын және орта бизнестіің дамуы, жаңа жұмыс орындары  ашылып, жұмыссыздықтың азаюы, тұрмысы төмен отбасыларына несие беріп малдандыру, өз ісін ашуға көмектесу, кедейшілік шеңберінен шығару бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді.  Бүгінгі таңда  біздің ауданда шағын кәсіпкерлік субьектілері екі облыстық микронесиелік мекеме,   «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Орал» микронесиелік ұйымы  арқылы қаржыландырылып отыр. Мәселен «Орал» МНҰ арқылы ЖК «Исалиев»  1 млн 800 тенге несие қаржысын алып, сауда -саттық бағытында жұмыс жасауда. Жеке кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлова ауыл шетіндегі наубайханасын орталыққа көшіріп, жаңа орында толық автоматтандырылған жүйемен нан шығара бастады, қосымша үш жұмыс орын ашып отыр.  

    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы биылғы жылы аудан бойынша 38 млн 500 мың  тенге шағын несие алу жоспарланып, бүгінгі күні 35 жобаның келісім-шарттары жасалып 11 440 000 теңге шағын несие қаржысы  алынды. Бұл несие  мал өсіру, бау-бақша егу,  нан пісіру цехтарын ашу, шаштараз, тігін цехтары және тұрмысқа қажетті басқа да қызмет көрсету орындарын ашуға бағытталған. Аталған несие қаржысын алу жаңа жұмыс орындарының ашылып, жұмыссыздықтың азаюына өз септігін тигізетіні сөзсіз. Биылғы жылы осы мекеме арқылы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге де өз жұмыстарын іске асыруға көлемді несиелер берілуде. Атап айтқанда, осы жартыжылдықта сайқындық жеке кәсіпкер Темрешева Ася 2 млн тенге несие алып, жұмыс жасап тұрған наубайханасына жаңа құрал- жабдықтар алып отыр. Қазіргі заман талабына сай шаштараз ашып, халықтың ризашылығына бөленіп отырған жеке кәсіпкер Темрешева Жанар енді осы шағын несиелік  мекеме арқылы 1 млн. 100 мың тенге несие алып, аудан орталығынан 200 орындық тойсарайын салуға жұмыстанып жатыр. 

Copyright CISIT 2008

  Наверх