Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мәдениет саласы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілді. Осыған орай, Бөкей ордасы ауданының 4 ауылдық округінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы бойынша ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдық жиналыстар өткізіліп, хаттамалар тұрғызылды. Нәтижесінде аудан бойынша 4 көшеге жаңа атау беру және 9 көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс түсіп, олар облыстық ономастикалық комиссияға жолданды.

Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылы бойынша:

1. Новая подстанция көшесін  - Абдолов Сағидолла көшесіне ауыстыру;

2. Бисен Жәнекешев пен Шәкір Жексенбаев көшелерін біріктіріп - Бисен Жәнекешев көшесіне ауыстыру;

3. Шығыс жақтағы жаңа көшеге Шәкір Жексенбаевтың есімін беру.

 

Бисен ауылдық округі, Жиекқұм ауылы бойынша:

1. Жиекқұм ауылындағы көшеге Мырзаш Исмагуловтың есімін беру.

 

Ұялы ауылдық округі, Ұялы ауылы бойынша:

1. Ленин көшесін - Дина Нұрпейісова көшесіне ауыстыру

 

Орда ауылдық округі, Хан ордасы ауылы бойынша:

1. Барханная көшесін - Сейтқали Меңдешев көшесіне ауыстыру;

2. Больничная көшесін - А.Герасимов көшесіне ауыстыру;

3. Водстрой №1 көшесін - Мұхамбет-Салық Бабажанов көшесіне ауыстыру;

4. Водстрой №2 көшесін - Хиуаз Доспанова көшесіне ауыстыру;

5. Мирная көшесін - Ахмедияр Құсайынов көшесіне ауыстыру;

6. Советская көшесін - Шәкір Жексенбаев көшесіне ауыстыру;

7. Жаңа көшеге Мәншүк Мәметованың есімін беру;

8. Жаңа көшеге Әлия Молдағұлованың есімін беру.

 

«Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 


Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 13 мәдени кешен жұмыс жасайды, соның ішінде 1 аудандық демалыс орталығы, 6 селолық мәдениет үйлері және 6 селолық клубтар. Аудан бойынша орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Сайқын ауылында орналасқан орталық кітапхана, 2 балалар кітапханасы, 6 селолық, 13 ауылдық кітапханалар /барлығы 22 кітапханалар/ және Хан ордасы ауылында Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені халыққа қызмет көрсетуде.

Ұлы Жеңістің 64 жылдық мейрамына орай Сайқын ауылында жерлестеріміз, Кеңес Одағының батырлары Т.Масиннің, М.Мәметованың, Х.Доспанованың, А.Құсайыновтың бюст-ескерткіштері ашылды.

Copyright CISIT 2008

  Наверх