Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Экология

«Батыс Қазақстан облысының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелдін үндеуі

 

Орал қаласы                                                03.12.2015ж.

 

Біздер, «дөңгелек үстел» кеңестің қатысушылары, облысымыздың экологиялық жағдайын, проблемаларының өзектілігін түсіне отырып, облыстық мемлекеттік мекемелердің, ауыл шаруашылық ұйымдардың, шаруа қожалықтарының басшыларына, облыс тұрғындарына күнделікті өмірде экологиялық сұрақтарға көңіл аударуға шақырамыз. Соның ішінде:

Ұйымдастырылған жиналысқа тиісті мемлекеттік органдар (аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеккік органдардың, орман және жануарлар дүниесін қорғау мем.мекемелерінің басшылары), табиғат пайдаланушы кәсіпорындар басшылары, қоғам өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңестін қорытындысы бойынша барлық мекемелердің басшыларына, шаруа қожалықтарына, облыс халқына «дөңгелек үстелге» қатысушылардан үндеу қабылданды:

I. Коммуналдық және өндірістік қалдықтар

- Қалдықтардың қайта пайдаланылатын бөлшектерін бөлек жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет;

- Қалдықтардың уақытша сақтау мен өңдеу орындарына тұрақты тасымалдануын және олардың полигонға орналастырылуын ұйымдастыру;

- Елді мекендерді тұрмыстық қалдықтардан тазалауды тұрақты жүргізу, қоқыс үйінділерінің қалыптасуына және коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз өртеуге жол бермеу.

Облыстың барлық ірі кәсіпорындары атмосфераға шығарындылар  бойынша барлық нормалар мен талаптарды сақтауы тиіс. Осылардың барлығы қалдықтарды пайдалануды реттеуге, олардың қалыптасуын азайтуға, кәдеге жаратуды мен пайдалануды жолға қоюға, қоршаған ортаға әсерді кемітуге мүмкіндік береді.

ІІ. Орман шаруашылығы

Облыс тұрғындарымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық проблемаларға тарту, өңіріміздің тазалығын ұстау, орманды өрттен қорғау бойынша бірлесе жұмыс жасаудың қажеттілігі туындап отыр.

Көптеген ауыл шаруашылық мекемелер көктем мезгілінде шабындықтар мен жайылымдарды, сонымен қатар қалдықтарды өртеу арқылы жояды. Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру шаралардың нашар жүргізілуі және түсініспеушілік салдарынан өртенген жерге шөп жақсы шығады деген ескі наным қалыптасып, дұрыс емес ой туындайды.

Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік орман қорына шекаралас орналасқан ауыл шаруашылық қауымдастықтарына, шаруа қожалықтарына бақылаусыз от жағуға жол берілмейді. Сол себепті жергілікті атқарушы органдарға өрт қауіпті кезеңі басталмастан бұрын арнайы комиссия құрып, шаруа қожалықтарының техникаларының өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталуын, жанармай қорының болуын тексеру қажет.

Табиғат заңбұзушылықтарының алдын алу бойынша рейдтік шолу шараларын қатаң бақылауда ұстау қажет. Атап өтетін жайт, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізіліп, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік ауырлатылды.

 Өрттердің туындауын азайту және уақытылы сөндіру үшін:

- аудан әкімдіктеріне келесі жылға бюджетті жоспарлаған кезде «Өрт сөндіруші» АҚ-мен қосымша өрт сөндіру бекеттерін құруға қаражат қарастыру тапсырылды;

- орман өрті орын алған кезде құқық қорғау органдарын жұмылдыра отырып, өрттің туындауына себепшілерді анықтау жұмысын күшейту қажеттігі, әрбір орман өртіне құқықтық бағалау жүргізіп, өрттің туындауына себепші болған тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажет.

ІІІ. Абаттадыру мен көгалдандыру

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаудағы мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, экономиканы дамыту моделін қалыптастыру және экологиялық бәсекеге қабылетті өндірісі болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру үшін Ереже  бекітілген, оның мақсаты жол жегін таза үстау, қоғамдық жерлерде, аялдамаларда павильондар, елді-мекендерде ұсақсауда ұйымдастыру қарастырылған.

Әр мекеме басшыларымен облыс тұрғындарының міндеті осы Ережені білу және сақтау болып есептелінеді.

- табиғат пайдаланушылар, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын (жоспарын) жасақтаған кезде, абаттандыруға, соның ішінде аймақтарын көгалдандыруға, жасыл желектердің аймағын көбейтуіне және экологиялық үгіт-насихатқа көңіл аударулары қажет.

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын (жоспарын) жасақтағанда әр бөлімге жауапкершілікпен қарау, көгалдандыруға, оны баптап-күтуге қаражаттарды қарастыру.

Құрылысты  жобалау  кезінде міндетті түрде құрылыс салынатын нысанды көгалдандыруға және оны баптап-күтуге екі жыл бойына қаражат бөлуді қарастыру.

Әр аудан жастарды ағаш егу шараларына жұмылдыру қажет. Орта білім беретін мектептерінде мектеп орманшылықтарын құру қажет. Мектеп оқушылары өз кезегінде орман шаруашылығы қызметкерлеріне құс ұяларын дайындауға, орман екпелерін өсіруге үлестерін қосар еді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» дамыту сұрағы бойынша өткізген көшпелі кеңесінде жасыл белдеу құру маңызды да мағыналы жұмыс болып табылатынын. Әр облыс, қала, аудан жұртты, әсіресе жастарды ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға жұмылдыру жайын ойластыруға тиіс. Сонда Отанымыз бұдан да әдемірек және тартымды бола түседі, ал болашақ ұрпақтар бізге риза болатынын атап өткен болатын. Елбасының идеясын қолдай отырып, қойылған сұрақты орындауға бүгіннен бастап кірісу керек деп санаймыз.

Бүгінгі күні аудан әкімдіктерімен елді мекендерді көгалдандыру, «жасыл белдеу» құру бойынша аймақтық жоспар құрылып бекітілді.

Орман шаруашылығы мекемелерінде орман тұқымбақтары бар. Екпе ағаштардың жоспарлы жерсінуіне қол жеткізу үшін топырақ дайындау шараларының сапасын арттыру, өсірілетін ағаш түрлерін көбейту, жергілікті табиғи-климаттық жағдайға бейімделген ағаш түрлерін өсіру қажет.

Облыстың аумағындағы жасыл желектерді көбейту үшін аудан және Орал қаласының әкімдіктеріне отау құрғалы отырған «жас жұбайлардың аллеясын», «түлектер аллеясын» ұйымдастыру керек. 

Арнайы жер бөлу мәселесін де шешу қажет. Облыстың елді мекендеріне экологиялық негізгі басым бағыттары бойынша қолданыстағы билбордтар және басқа да көрнекі құралдарын орналастыруды қамтамасыз ету қажет.

Біз облыс тұрғындарын жыл сайын көктем және күз мезгілінде ұйымдастырылатын ағаш егу, орман қорын тазалау акцияларына белсене қатысуға шақырамыз.      

IV. Су ресурстары және жануарлар әлемі

Су шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету үшін:

-Жыл сайын облыс және аудан бюджеті тарапынан апатты жағдайдағы су қоймаларына қүрделі жөндеуді қажет ететін су нысандарының есебін жүргізу керек;

-Бүгінгі күні су шаруашылығы нысандарын қайта құруға ислам банкісінен қаражат қарастырылған, осыған орай су шаруашылығы нысандарының (лиман, су қоймасы, канал және басқалар) техникалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды аяқтау керек;

-Аудан әкімдіктеріне халық шаруашылығына қажет көктемгі уақытта тасқын суларды жинақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек;

-Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру жұмыстарын аудан әкімдіктері ұйымдастыру керек;

-Жыл сайын облыстағы су нысандарының жағалауын тазалау үшін өткізілетін «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек;

-Көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен гидротехникалық және су шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету керек;

Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін облыс тұрғындары, табиғат пайдаланушылар мен еңбек ұжымдарының арасында күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Біз облыстағы балық, аң, орман шаруашылығы, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдаланушыларға өздерінің келісім шарттарындағы міндеттерді қатаң орындау мен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау қажет екендігін айтамыз.

Жануарлар дүниесімен пайдалануда халық пен қоршаған ортаға зиянсыз, қауымдастықтың табиғи және біртұтастығын бұзбайтын, жануарларға қатыгездік көрсетпейтін тәсілдерді қолдану қажет.

Copyright CISIT 2008

  Наверх