Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ресми сайты
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Нормативтік құқықтық актілер

ЖОЛ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ШАҒЫМДАРДЫ ШЕШУ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ БРОШЮРА 


 

Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы

білім беретін мектептерге тасымалдаудың

схемасы мен тәртібін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 12-қосымшаларына сәйкес Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн  мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi бекiтiлсiн.

2. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

3. Қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Аудан әкімі                                             Н.Рахымжанов 


Жоба

 

  

Аудандық коммуналдық мүлікті

мүліктік жалдауға (жалға алуға)

беруде жалға алу ақысының мөлшерін

есептеу қағидасын бекіту туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Зұлқашевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Аудан  әкімі                                                                     Н.Рахымжанов

 


ЖОБА

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№____                                                                               «___»_________ 20__ жыл

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

және қаржыландыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 сәуірдегі №28-2 «Бөкей ордасы   ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне сәйкес және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша,  аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бөкей ордасы ауданында қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарға әдейi арналған уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландандыру көздерi бекiтiлсiн және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

4. Аудан әкімдігінің «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» 2010 жылғы 19 ақпандағы №24 қаулысының (Нормативтік  құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-4-104 тіркелген, 2010 жылғы 6-12 сәуірде  «Орда жұлдызы» газетінің №16-17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Аудан әкімі                                                      Н.Сабиров 

 


 

ЖОБА

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№____                                                                               «___»_________ 20__ жыл

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 

квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсін.

2. «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберу жөнінде шараларды алсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                      Н.Сабиров

Copyright CISIT 2008

  Наверх